«ALG Company» ЖШС А тобындағы қоймаларда және контейнер терминалында жауапты сақтау қызметтерінің толық шоғырын ұсынады. Жоғары білікті қызметкерлер құрамы, заманауи технологиялар, соңғы бағдарламалық әзірленімдерді қолдану, қойма және тоңазыту жабдықтары, қажетті температуралық шарттар мен сақтау шарттарының сақталуын бақылаудың тиімді тетігі кез келген көлік түрлерімен (Авто, Темiр жол, Әуе) жеткізілген жүктердің (тауарлардың) кез келген дерлік түрімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Біз жалға алудың, фармацевтикалық өнімді, азық-түлік өнімдерін, киімдерді және халық тұтынатын басқа да тауарларды, автобөлшектерді және т.т. жауапты сақтаудың жүкті өңдеудің бірегей шарттарын ұсынамыз.
Біздің негізгі қызметтеріміз:
- тж өңдеу (20/40 футтық контейнерлер, жабық вагондар, жартылай вагондар, торлы вагондар, термосты вагондар, ірі көлемді техникасы бар платформалар және т.т.).
- УСҚ аймақтарында темір жол бірліктерін сақтау, Кедендік аймақ, еркін аймақ.
- Өнімді қабылдау, тиеу, сұрыптау (жарамсыздыққа шығару).
- Өнімнің ерекшеліктері мен сіздің тілектеріңізді ескере отырып, оларды жауапты сақтау.
- Тарату орталығы жұмысының пішіміндегі қойма қызметтерінің ең кең тобы.
- Сауда нүктелеріне және толайым сатып алушыларға жеткізу үшін тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша тапсырыстарды іріктеу және жинақтау.
- Cross-docking (жауапты сақтау аймағына орналастырмай тауармен жасалатын операциялар).
Біздің артықшылықтарымыз:
- Шапшаңдық — Логистикалық кешен Алматы қаласының шегінде орналасқан, бұл жүктерді жеткізу мерзімін азайтуға және оларды өңдеудің жылдамдығы мен сапасын арттыруға септігін тигізеді.
- Бірегейлігі — Логистикалық кешен - Қазақстан аумағындағы бірден-бір кешен, ол контейнерлер мен вагондарды қабылдаудан және өңдеуден бастап өнімдерді бір мезгілде үш температуралық режимде: +15 +25°С, +2 +8°С, +8 +15°С сақтауға дейінгi тізбектің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Заманауи бағдарламалық қамтым — барлық бизнес-процесстерді on-line режимінде толық бақылау. Тауар қорларын басқарудың ең заманауи әдістерін ендірудің арқасында Сіз қоймадағы өнімдердің қалдықтарын тәуліктің кез келген мезгілінде өз компьютеріңізден көре аласыз.
- Құжаттаманы ресімдеу — тауар қоймаған түскен және одан жөнелтілген кезде тауарды жөнелту құжаттары топтамасын уақтылы және толық қалыптастыру және ресімдеу. Сондай-ақ қоймадағы тауарлардың қозғалысы мен қалдықтары бойынша есептерді шынайы уақытта қалыптастыру.
- Тәуекелдердің жоқтығы — сіздің өніміңіздің сақталуы үшін барлық жауапкершілікті біз өзімізге ала отырып, Сізді ықтимал тәуекелдерден сақтандырамыз.
Біз тапсырыстарды қабылдау мен өңдеудің жолға қойылған технологияларына, тапсырыстарды жинақтау мен орындаудың уақтылылығына, жоғары дәлдігіне кепілдік береміз. Жауапты сақтау қызметтерінің құны әркез жеке түрде және әрбір нақты клиенттің тілектерін ескере отырып, есептеледі.