Қойма кешені фармацевтика саласындағы Тиісті Дистрибьюторлық Тәжірибеге (GDP) сәйкестікке сертификаттаудан сәтті өтті. Тиісті Дистрибьюторлық Тәжірибе (GDP) — бұл дәрі-дәрмек құралдары айналымы саласындағы қойма кәсіпорындары мен көтерме сауда базаларына арналған сапаны қамтамасыз ету жүйесі.
Халықаралық деңгейде қабылданған GDP қағидаларына сай фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторлары өз қызметін осы стандарттарға сәйкестікке келтіруі тиіс. GDP қағидаларын іске асыру жеткізілімдердің бүкіл тізбесінде: өндірістік кәсіпорындарға шикізатты жеткізіп беруден бастап дайын өнімді түпкі пайдаланушыларға жөнелтуге дейінгі сапа менеджментінің келісілген жүйелерін қамтамасыз етеді.